Ақтөбеде өлтірілген кәсіпкер Helios компаниясының филиал директоры болып шықты, деп жазады Alash.kz
Helios компаниясы Айболат Жисовтің қазасына көңіл айтты. 49 жастағы кәсіпкер 16 қарашада өз үйінде қарулы шабуылдан қаза тапқан.
Қанды оқиға қаланың элиталық шағын аудандарының бірінде болған. Белгісіз біреу кәсіпкерді үйінде атып өлтіріп, көлігі мен құнды заттарын алып кеткен.
18 қарашада күдікті ұсталды. Ол марқұмның көршісі болып шыққан. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Компания марқұмды білікті басшы, өз ісінің маманы, ақкөңіл әрі жанашыр адам ретінде еске алды.