Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ елшісі Стаффт Нұрлан имамның үйінде қонақ болды (ВИДЕО)

АҚШ елшісі Стаффт Нұрлан имамның үйінде қонақ болды (ВИДЕО)

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт қызы Амелиямен бірге Нұрлан имамның шаңырағына арнайы қонаққа барды. Кездесу барысында америкалық дипломат қазақ халқының қонақжайлық дәстүрімен танысып, ұлттық мәдениетіміздің бір ерекшелігін өз көзімен көрді, деп жазады Alash.kz.

Нұрлан имам елші мен оның қызын жылы қарсы алып, қазақтың ежелден келе жатқан «төр көрсету» дәстүрінің мән-мағынасын түсіндірген. Бұл дәстүр бойынша, үйге келген қадірлі қонақты төрге шығарып, құрмет көрсету – халқымыздың қонақжай мінезі мен сыйластық мәдениетінің белгісі саналады.

Қонақтар қазақы үйдің дәстүрімен танысып қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрдің астарындағы ізгі ниет пен құрмет ұғымын да сезінуге мүмкіндік алған.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі бұл кездесу туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында ақпарат жариялап, Нұрлан имамға көрсеткен қонақжайлығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдірді.

Дипломаттың мұндай кездесуі Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың ресми дипломатиялық байланыстармен ғана шектелмейтінін, екі халықтың мәдениеті мен дәстүрін өзара танып-білуге де жол ашатынын көрсетеді.

Айта кетейік, қазақ халқында қонақты төрге шығару – ерекше құрметтің нышаны. «Қонақ келсе, құт келеді» деген ұстанымды берік ұстанған халқымыз үшін шаңырағына келген мейманды сыйлап, барын ұсыну ежелден қалыптасқан игі дәстүр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар