Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Соғыстан әбден қажыған»: Дональд Трамп Қытайдағы келіссөзден соң әлем күтпеген үндеу жасады

«Соғыстан әбден қажыған»: Дональд Трамп Қытайдағы келіссөзден соң әлем күтпеген үндеу жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайда өткен келіссөздерден кейін Еуропа елдерінің басшыларын және Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресеймен бейбіт келісім жасауға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Берлинде Еуропалық одақ басшылығының жиыны өтіп жатқан сәтте Дональд Трамп ұшақ бортынан хабарласып, Ресей президенті Владимир Путиннің «соғыстан әбден қажығанын» және бұрынғы айларда көнбеген ымыраларға қазір дайын болуы мүмкін екенін айтқан. Сонымен қатар АҚШ басшысы Еуропалық одаққа қыруар қаржыны Украинаға емес, өз мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктеріне бағыттау жөнінде кеңес берген. Осыған қарамастан, кездесуден кейін Владимир Путин бұрынғы талаптарын, соның ішінде Донбастан украин әскерін шығару шартын қайта растады. Ол Қырым көпіріне жасалған соққылардан кейін шектеулі бітім жөніндегі диалогты қайта бастау мүмкіндігін жоққа шығарып, жауап соққылары болатынын жеткізді.

Өз тарапынан Еуропа мемлекеттерінің жетекшілері Киевке қаржылық қолдау көрсетуді әрі қарай жалғастыратындарын нақтылады. Германия канцлері Фридрих Мерц Владимир Путин мен Дональд Трамптың Шэньчжэньде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жолығуын «фотосессияға себеп» деп сипаттаса, Франция президенті Эмманюэль Макрон Украинаның НАТО-ға мүшелігі мәселесін қайта қарауды алға тартты.

Ақ үйдің арнайы өкілдері Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф АҚШ-тың Еуропаны тарта отырып бейбіт келісімге қол жеткізуден үміт үзбейтінін білдірді. Джаред Кушнердің сөзінше, Вашингтон Мәскеуді Украинаға НАТО жарғысының бесінші бабына ұқсас батыстық қауіпсіздік кепілдіктерін беру мәселесіне жақындата түскен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар