Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында шұғыл түрде сынықшы іздеп жатқанын жазып, оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі желіде жедел жәрдем көлігінің суретін жариялап, жұбайы Жанболатқа тез арада көмек қажет екенін жеткізген:
«Алматыдан сынықшы кім біледі? Жанболатқа тез арада керек», – деп жазды әнші.
Бұл жазба желі қолданушыларының алаңдаушылығын туғызып, тыңдармандары мен оқырмандары өнер иелеріне амандық пен тезірек сауығып кетуді тілеп жатыр.