Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбыл облысында сыныптасын қорлаған оқушының анасы айыппұл арқалады

Жамбыл облысында сыныптасын қорлаған оқушының анасы айыппұл арқалады

Жамбыл облысындағы ауыл мектептерінің бірінде 9-сынып оқушысы сыныптасына тіл тигізіп, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан. Жасөспірімнің бұл әрекеті буллинг ретінде бағаланып, оқиғаның соңы сотқа ұласты, деп жазады Alash.kz

Сот отырысында оқушының анасы баласының әрекетіне қатысты кінәсін мойындаған. Ал жәбірленуші тарап екі жақтың өзара келісімге келіп, татуласқанын жеткізді.

Істі қараған сот жасөспірімнің заңды өкілін кінәлі деп танып, оған 43 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Осылайша, кәмелетке толмаған баланың мектептегі әдепсіз әрекеті үшін оның ата-анасы заң алдында жауап берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар