Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дипломым жоқ – бизнесім бар" - Төреғалидың қарындасын "Хабар" жүргізушілікке шақырды

«Дипломым жоқ – бизнесім бар" - Төреғалидың қарындасын "Хабар" жүргізушілікке шақырды

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәліне «Хабар» телеарнасынан жүргізуші болу туралы ұсыныс түскен. Алайда оның бұл жаңалығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің сынына себеп болды, деп жазады Alash.kz порталы Bairaqmedia.kz дерегіне жүгініп.

Динаның сөзінше, телеарнадан ұсыныс алған соң ол Астанаға арнайы барып, редактор және продюсермен жүздескен. Кездесу барысында тараптар ортақ келісімге келген.

«Маған "Хабар" телеарнасынан жүргізушілікке ұсыныс түсті. Біраз ойланып, өзіме қызық болғандықтан келісімімді бердім. Астанаға келіп, редактор және продюсермен кездесіп, бір шешімге тоқтадық», – деді ол.

Алайда бұл жаңалықты желі қолданушыларының барлығы бірдей қолдай қоймады. Көпшілік журналистика саласында арнайы білім алып, тәжірибе жинаған жас мамандар жұмыссыз жүргенде, телеарнаның танымал адамның туысына мүмкіндік беруін орынсыз деп бағалады.

Әсіресе, кәсіби журналистердің еңбегі ескерілмей жатқанын алға тартқандар аз болмады.

«Дипломы бар қаншама білікті маман жұмыс таба алмай жүргенде, бұл қандай жағдай?», «Журналистер жетіспей жатыр ма?», «Журналистиканың қыр-сырын меңгерген жас мамандар жұмыссыз жүр. Ал сендер әнші мен актрисаларды жүргізуші етіп алып жатырсыңдар. Енді әншінің қарындасы ғана қалып еді», – деп жазды олар.

Өзіне айтылған сынға Дина Төреәлі де жауап берді. Ол 23 жаста екенін, үш баланың анасы екенін айтып, кезінде жоғары білім алудан бұрын отбасын құруды таңдағанын жасырмады.

Сонымен қатар дипломның адамның қабілеті мен мүмкіндігін толық анықтамайтынын жеткізді.

«Менің жасым 23-те! Аллаға шүкір, үш балам бар. Сол кезде оқуды емес, отбасын құруды таңдадым. Білім алу ешқашан кеш емес, одан қашпаймын. Бірақ сендер айтып отырған бір парақ қағаз адамның мүмкіндігін шешпейді. Егер бойыңда потенциал болмаса, он дипломың да көмектеспейді», – деп жазды ол.

Бұдан бөлек, Дина жоғары білімі болмаса да, жеке кәсібі мен тұрақты табысы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, ол өзін дамытуды тоқтатпаған және өмірде өз орнын қалыптастыруға талпынып келеді.

«Дипломым жоқ – бизнесім бар. Дипломым жоқ – табысым бар. Көзім ашық, көкірегім ояу, шүкір! Күн сайын дамып келемін», – деп түйіндеді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар