Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент:
«Көп ұзамай халқымыз ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді.
Бұл – мемлекетіміздің тарихи өсіп-өркендеу жолындағы аса маңызды белес.
Осы кезеңде біз талай қилы жолдан аман-есен өттік.
Берекелі бірлігіміздің арқасында көптеген сынақты абыроймен еңсердік. Мемлекеттігімізді нығайттық, халықаралық абырой-беделімізді күшейттік.
Біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті озық ел ретінде дамыту үшін әлі де белсенді әрі табанды жұмыс істей береміз.
Әрине, осы кезге дейін бәріміз жұрт болып жұмылып, біраз шаруа атқардық.
Өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, ауқымды реформаларды жүзеге асырдық».