Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада ер адам елордалықтар мен қарағандылықтарды 103 миллион теңгеге алдап кеткен

Астанада ер адам елордалықтар мен қарағандылықтарды 103 миллион теңгеге алдап кеткен

Астанада автокөлік саудасын сылтау еткен алаяқтық әрекетке барған ер адам сотталды деп хабарлайды Alash.kz порталы, sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.

Ол елорда мен Қарағанды қаласының тұрғындарын алдап, жалпы сомасы 103 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы азаматтарға автонесие алуға дайын клиенттері бар екенін айтып, сенімдеріне кірген. Осылайша, көлік иелерін автокөліктерін үшінші тұлғалардың атына қашықтан қайта рәсімдеуге көндірген.

Алайда мәміледен кейін ол көлік иелерімен уәде етілген есеп айырысуды жүргізбей, ақшаны өз пайдасына жаратқан. Нәтижесінде екі қаланың тұрғындары қомақты қаржысынан айырылған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындамаған. Сондай-ақ алаяқтық әрекетке мәжбүрлі жағдайдың салдарынан барғанын алға тартқан.

Сот қылмыстың ауырлығын, келтірілген материалдық шығынның өтелмегенін ескере отырып, ер адамды 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар