Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелін тұншықтырып, пышақтап өлтіріп, мәйітін әжетханаға тастаған»: Қостанай соты үкім кесті

15:37, 31 шілде 2026

Қостанай облысында жұбайын аяусыз өлтіріп, мәйітін даладағы әжетхана шұңқырына жасырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Осы жылдың ақпан айында Обаған ауылында тұратын азамат отбасылық ұрыс-керіс кезінде жұбайын тұншықтырып, артынан мойнына пышақ сұққан. Қылмысын жасырмақ болған ол марқұмның денесін ауладағы әжетхана шұңқырына тастап, үстін шөп пен қармен көміп тастаған.

Сотталған азамат бұдан кейін екі айға жуық уақыт бойы марқұмның жақындарын алдап, әйелінің нәпақа табу үшін басқа жаққа кеткенін айтып келген. Тіпті оны іздестіріп жүргендей кейіп танытқан.

Сот шешімімен ол өз жұбайын ажалға бұйырғаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге сот жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге, сондай-ақ келтірілген материалдық зиян мен процестік шығындарды өндіру туралы міндеттеме жүктеді.

Ескерте кететін жайт, аталған сот үкімі әлі заңды күшіне ене қойған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар