АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен аяқтауға мүдделі екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол британдық Financial Times газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазды Alash.KZ.
«Қарапайым айтқанда, біз Ресей мен Украина арасындағы соғыстың аяқталғанын қалаймыз. Біз зымыран іздеп отырған жоқпыз, біз бейбітшілікті қалаймыз», – деді Трамп.
Бұл мәлімдеме Ақ үйде өткен кездесуден кейін бірнеше күн өткен соң жарияланды. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамп Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне арналған оқ-дәрі өндіру технологияларын Украинаға беру мәселесіне келісім білдіргенін мәлімдеген болатын.
Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қақтығысты тоқтатудың шарттары бұған дейін Ресей тарапы тарапынан жарияланғанын айтты. Оның сөзінше, егер Киев тиісті шешімдер қабылдаса, әскери іс-қимылдарды тоқтатуға мүмкіндік бар.
Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы Украинадағы соғысты аяқтау шарттарын жариялап, олардың қатарында Украина әскерін Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының аумағынан шығару, сондай-ақ НАТО-ға кіруден бас тарту талаптары бар екенін мәлімдеген еді. Ресей тарапы кез келген ықтимал келісім ұзақ мерзімді әрі тұрақты сипатта болуы қажет екенін бірнеше рет атап өткен.