Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің көптен күткен «Aqerke» әніне түсірілген жаңа бейнебаянының премьерасы өтетінін хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Әлемге танымал әнші бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Өз жазбасында ол сүйікті тыңдармандарына арнап:
«Көптен күткен сәт келді... Ертең сағат 11:00-де (Алматы уақыты) YouTube арнамда «Aqerke» бейнебаянының премьерасы болады. Дайынсыздар ма?» – деп жазып, жаңа туындыны тамашалауға шақырды.