Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СҚО-да республикалық автожолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

СҚО-да республикалық автожолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар төрт автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Alash.kz.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2026 жылғы 22 қараша сағат 12:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөліктердің барлық түрі үшін келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Қостанай – Мамлютка" автожолының 226-406 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Мамлютка қаласы);
  • "Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы" автожолының 11-73 шақырым аралығы (Петропавл қаласы – РФ шекарасы);
  • "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 491-521 шақырым аралығы (Петропавл қаласы – Мамлютка қаласы).

Қостанай облысы:

  • "Қостанай – Мамлютка" автожолының 163-226 шақырым аралығы (Ұзынкөл ауылы – СҚО шекарасы).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар