Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ешқандай шара қолданбады»: Мектептегі зорлық ісіне қатысты заңгер тың мәлімдеме жасады

«Ешқандай шара қолданбады»: Мектептегі зорлық ісіне қатысты заңгер тың мәлімдеме жасады

Қостанай облысындағы ауыл мектептерінің бірінде 11 жастағы 5-сынып оқушысына жыныстық сипаттағы зорлық көрсетілуі мүмкін деген резонансты іске қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде оқушының мектеп әжетханасында зорланғаны туралы ақпарат тарап, полиция аталған факт бойынша тергеп-тексеруді бастаған еді. Қазіргі уақытта жас балаға бір топ адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысын прокуратура өз бақылауына алған.

Жәбірленушінің анасынан өтініш түскен соң іске араласқан Ақтөбе облыстық заң консультанттары палатасының мүшесі Дамир Мұрат бұл оқиғаға баланың өз сыныптастарының қатысы болуы мүмкін екенін айтты. Заңгердің сөзінше, қазір балалар үйде отыр, ал білім ошағының шағын болуына байланысты оқу процесін әрі қарай қалай жалғастыру керектігі үлкен мәселеге айналған:

— «Қазір болған оқиғаға байланысты балалар үйде отыр. Олардың оқуын қалай жалғастыратыны туралы мәселе туындады», – деді заңгер Дамир Мұрат.

Оның айтуынша, егер жәбірленуші мектепке қайта барса, өзіне зорлық көрсетті делінген оқушылармен бетпе-бет кездесуге мәжбүр болады, алайда мектеп басшылығы бұл жайтқа немқұрайлы қараған:

— «Мектеп шағын болғандықтан, жәбірленуші өзіне қатысты осы әрекетті жасады делінген балалармен қайта кездесуге мәжбүр болады. Бұл мәселе бойынша мектеп әкімшілігі мен директорына жүгіндік, бірақ олар ешқандай шара қолданбады», – деп атап өтті ол.

Дамир Мұраттың мәлімдеуінше, іс Оқу-ағарту министрлігі араласқаннан кейін ғана алға жылжи бастаған. Бүгінде бейінді ведомство жәбірленушінің отбасына қолдау көрсетіп, балаға қажетті психологиялық көмек ұйымдастырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар