Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы оқиға: Ақмола облысында жүк пойызы рельсте отырған ер адамды қағып кетті

Қайғылы оқиға: Ақмола облысында жүк пойызы рельсте отырған ер адамды қағып кетті

Ақмола облысының Шортанды мен Дамса ауылдары аралығында жүк пойызы рельсте отырған ер адамды қағып кетіп, жәбірленуші алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Кеше тіркелген қайғылы оқиға кезінде құрамында 47 вагоны бар жүк пойызы сағатына шамамен 64 шақырым жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист теміржол бойында қимылсыз отырған азаматты шамамен 300 метр жерден көріп, ескерту дабылын қаққан және шұғыл тежегішті басқан. Алайда ауыр құрамды дереу тоқтату мүмкін болмай, пойыз ер адамды басып өткен.

Көз жұмған азамат Астана маңындағы Шортанды ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда оның теміржол рельсінде не мақсатпен жүргені және дабыл қағылып, пойыз жақындап қалғанын көре тұра неліктен қауіпсіз жерге кетпегені белгісіз. Аталған дерекке қатысты Астана станциясы көліктегі полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Бейбіт Қырымқожин пікір білдірді:

— «Астана станциясындағы көліктегі полиция басқармасы абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану, қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда», – деді полиция өкілі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар