Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Адам сүйектері табылды»: ШҚО жол жөндеушілері күтпеген жайтты айтты

«Адам сүйектері табылды»: ШҚО жол жөндеушілері күтпеген жайтты айтты

Шығыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында адам сүйектері табылып, аталған дерекке қатысты өңірлік полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Өскемен – Риддер бағытындағы тасжолдың «Радуга» ауданы тұсындағы жөндеу кезінде аяқ-қолы байланған мәйіт шыққаны туралы ақпарат тараған болатын.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Алдын ала болжам бойынша, табылған сүйек қалдықтары ер адамға тиесілі. Сонымен қатар құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде айтылған кейбір деректерді жоққа шығарды:

 «Қазіргі уақытта марқұмның кім екенін және өлім себебін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Аяқ-қолы байланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар