2026 жылдың соңғы айында қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қосымша бір күн демалады, ал жалпы демалыс күндерінің саны азаматтардың жұмыс кестесіне қарай есептеледі, деп хабарлайды Alash.kz.
Биыл 16 желтоқсан мерекесі аптаның ортасына, яғни сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Сондықтан бұл айда қатарынан бірнеше күнге созылатын ұзақ демалыс қарастырылмаған және демалыс күндерін ауыстыру да жоспарланбаған. Дегенмен сәрсенбі күнгі мереке бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін барлық қызметкерлер үшін ресми демалыс болып есептеледі.
Өндірістік күнтізбе деректеріне сәйкес, аптасына бес күн жұмыс істейтін тұрғындар желтоқсанда барлығы 9 күн демалып, 22 күн еңбек етеді — оның 8 күні әдеттегі сенбі-жексенбіге, ал 1 күні Тәуелсіздік мерекесіне тиесілі. Алты күндік жұмыс аптасымен істейтін азаматтар үшін 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні белгіленген.
Сонымен қатар жылдың соңғы күні — 31 желтоқсан бейсенбіге түсетіндіктен, ол қалыпты жұмыс күні ретінде өтеді. Ал Жаңа жылдық ресми демалыс 2027 жылдың 1 қаңтарынан басталады.