Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Ливан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар