Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Іздеу жарияланды: ҰҚК 45 жастағы шетел азаматын күдікті деп таныды

Іздеу жарияланды: ҰҚК 45 жастағы шетел азаматын күдікті деп таныды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Коул Уильямс (Williams Cole) есімді 45 жастағы шетелдік азаматқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресми іздестіру базасында бұл ақпарат 2026 жылдың 21 қарашасында пайда болды. Тіркелген мәліметтер карточкасына қарағанда, ер адам 1981 жылғы 13 наурызда дүниеге келген. Базада оның ұлты «басқа» деп белгіленгенімен, нақты қай елдің азаматы екені көрсетілмеген.

Іздестіру ісі Түркістан облысы бойынша тіркеуге алынған. Іздеу шараларына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашылық етіп отыр, ал тікелей іздестіру жұмыстарын Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізуде.

Дегенмен жарияланған құжатта шетел азаматына не себепті іздеу салынғаны, оның іс бойынша процессуалдық мәртебесі мен оқиғаның мән-жайы ашып айтылмаған. Сонымен қатар оның қандай құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінгені туралы деректер де әзірге жария етілмей отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар