Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» клубының орналасқан жеріне қайта оралып, сол жақта жарақатынан кейінгі оңалту процесін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Еске сала кетейік, жас шабуылшы 2026 жылдың жазында алматылық «Қайраттан» «Челсиге» ауысқан болатын. Кейін тамыз айында жарақат алған соң, ойын тәжірибесін жинақтау үшін жалға алу құқығымен «Бернли» клубына жіберілген еді. Алайда денсаулығындағы кінәраттарға байланысты биылғы маусымда оған ағылшын командасының негізгі құрамында орнығу әзірге мүмкін болмай тұр.
«Бернли» командасының бас бапкері Фабио Челестинидің айтуынша, қазір Дастан Сәтпаев Лондонда санның артқы бұлшықетіндегі жарақатына байланысты ем-дом қабылдауда. Бапкер екі клубтың да футболшының денсаулық жағдайын бірлесіп бағалауы тиіс екенін және оның жасыл алаңға шығуына асықтырмау қажеттігін ерекше атап өтті.
Қазіргі таңда қазақстандық футболшының жалпы топтағы жаттығуларға және ресми матчтарға нақты қашан оралатыны белгісіз.