Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Менің досым»: Трамп Путинмен түскен суретін жариялады (ФОТО)

«Менің досым»: Трамп Путинмен түскен суретін жариялады (ФОТО)

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей президенті Владимир Путинмен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей басшысы Владимир Путинмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен өткен үшжақты кездесуден бірнеше фотосурет жариялады.

Жарияланымдардың бірінде Трамп пен Путиннің қол алысып тұрған сәті бейнеленген. Ақ үй басшысы бұл суретке «Менің досым» деген сипаттама берген. 
 


Еске салайық, бұған дейін екі ел басшысы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммиті аясында жеке жүздескен болатын. Кездесу барысында Трамп Путинмен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, Ресей президентін досы деп атаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар