Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан əлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Alash.kz.
ҚР ТСМ «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Корея Республикасының Муджу қаласында пара таеквондодан Əлем чемпионатында қазақстандық Малик Мұқашев К41 классында 80 кг салмақ дəрежесінде жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Саид Сабах Хамид Аль-Фаххам (Ирак), ал үшінші орынды Яшар Сами Гокбаба (Түркия) алды.
Бұдан бөлек, аталмыш додада К41 классында Қайырғали Юсупбеков 63 кг салмақ дəрежесінде қола жүлдені еншіледі.
Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара таеквондодан Əлем чемпионаты 20-22 қараша аралығында өтті. Жарысқа əлемнің 60 елінен 240-тан астам спортшы қатысты.