Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көлікте отырып, ауаға екі рет оқ атқан". Астанада ер адам 10 тәулікке қамалды

08:46, 01 тамыз 2026

Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан ер адам 10 тәулікке қамалды, деп жазды Alash.kz.

Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан ауаға оқ атқан 29 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияның мәліметінше, ер адам көлік салонында отырып, дабыл тапаншасынан ауаға екі рет оқ атқан. Оқиғаға қатысты жүргізілген тексеру барысында оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, азаматқа қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау және алып жүру дерегі бойынша жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданған.

Сот қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар