Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алдымыздан өткен жоқ". Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы ел алдына шығып, бұрынғы күйеубаласының үйленіп алғанына қатысты мәлімдеме жасады

09:42, 31 шілде 2026

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы экс-күйеуінің қайта үйленуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазды Alash.KZ.

Әлеуметтік желіде марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы жұбайы Әділет Зейнелдің қайта отбасын құрғаны қызу талқыланып жатқан тұста марқұмның анасы Салима Ершанкулқызы ресми мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, экс-күйеуі де, оның ата-анасы мен жақындары да қайта үйлену туралы шешімге қатысты марқұмның отбасына алдын ала келіп хабар бермеген.

Сонымен қатар Салима Ершанкулқызы қызының қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша тергеу әлі аяқталмағанын айтып, Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен бас тартуын талап етті.

Марқұмның анасының мәліметінше, Ұлдана Мырзуан өз қаражатына сатып алған автокөлік биылғы 22 шілдеге дейін экс-күйеуінің иелігінде болған. Кейін ғана көлік Ұлдананың ата-анасының атына қайта рәсімделген.

Салима Ершанкулқызы қызының заңды құқықтары мен мүддесін соңына дейін қорғайтынын мәлімдеді.

Еске салсақ, 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың қараша айында қызметтік міндетін атқару кезінде қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан болатын. Ол тұрғын үйдің қасбеті опырылған жерге шақырту бойынша барып, зардап шеккендерге көмек көрсетуге ұмтылған сәтте жоғарыдан құлаған кірпіш пен кондиционер блогының астында қалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күрескенімен, ауыр бас жарақатынан көз жұмды.

Әлеуметтік желіде Әділет Зейнелдің сегіз айдан кейін қайта шаңырақ көтеруі қоғамда түрлі пікір туғызды. Бірі оның өмірін жалғастыруға құқығы бар екенін айтса, енді бірі мұндай шешім үшін уақыт тым аз өтті деген пікір білдіруде.

 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар