Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқушыларға маңызды ақпарат: Елімізде 2026-2027 оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс кестесі бекітілді

12:52, 31 шілде 2026

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін бекітті, деп жазды Alash.KZ.

Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылы 2026 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына жалғасады. Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп, 7 күнге созылады.

Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын қамтиды. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасып, жалпы ұзақтығы 14 күн болады.

Сонымен қатар бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында қосымша 7 күндік демалыс қарастырылған.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22–28 наурыз аралығында өтіп, 7 күнге жалғасады.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасын қамтып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Министрлік сондай-ақ 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері де бекітілгенін хабарлады. Бұл туралы толық ақпарат ведомствоның ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептердің оқу бағдарламасына бірқатар жаңа пәндер енгізілетінін мәлімдеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар