Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп «Келесі президент мен болғым келеді» деп әзілдеп, өз еңбегінің жемісін "басқа президенттер көретінін" жеткізді

09:39, 01 тамыз 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп сұхбат барысында келесі президенттің өзі болғысы келетінін айтып, әзілдеді, деп жазды Alash.kz.

Real America's Voice арнасына берген сұхбатында Трамп келесі мемлекет басшысы өте табысты көшбасшы болып көрінетінін айтты.

«Келесі президент нағыз данышпан болып көрінеді. Өйткені зауыттар ашылады, жұмыс орындары көбейеді, ел қалпына келеді. Бірақ мұның барлығының жемісін сол көреді», – деді ол.

Трамптың қазіргі президенттік мерзімі 2029 жылдың қаңтарында аяқталады. Сол кезде оның жасы 82-де болады.

Алайда АҚШ Конституциясына сәйкес бір адам президент қызметіне екі реттен артық сайлана алмайды. Сондықтан Трамптың тағы бір мәрте президенттікке сайлануына заң мүмкіндік бермейді.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп футболдан әлем чемпионатын АҚШ-та қайта өткізгісі келетінін, бірақ оған Канада мен Мексика қатыспағанын қалайтынын мәлімдеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар