Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ештеңе есімде жоқ, аффект жағдайында болдым»: Нұрай Серікбай ісі туралы тың берек шықты

15:20, 31 шілде 2026

Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты сот отырысында Шерхан Аймаханның берген жауаптары мен алдын ала тергеудегі сөздерінің арасында үлкен қайшылық бар екені анықталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот процесі кезінде төрағалық етуші судья Самиддин Темірәлиев айыпталушыдан жауап алып, оның бұған дейін хаттамаға түскен айғақтарын көпшілікке оқып берді.

Істі қарау барысында судья сотталушының ұстанымы өзгергенін атап өтті. Өйткені айыпталушы сот залында сол түнгі оқиғалар есінде қалмағанын, әрекетті аффект жағдайында жасағанын айтқан. Ал тергеу құжаттарында оның қылмыстың әрбір деталиін егжей-тегжейлі баяндағаны жазылған.

Осы мәселе бойынша судья күдіктіге тікелей сұрақ қойды:

«Кеше бізге «ештеңе есімде жоқ, аффект жағдайында болдым» дедіңіз. Ал мына жауапта екінші пышақты алғаныңызға дейін бәрін рет-ретімен айтып отырсыз. Қай жауабыңыз дұрыс?»

Алайда айыпталушы тарап өз қайшылығын негіздей алмай, жауапкершілікті тергеушіге ысыра салды:

«Бұл жауапты тергеуші жазған».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар