Сербия аумағында Қазақстан азаматшасы қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Желі қолданушыларының бірі TikTok платформасындағы homeart_mebel парақшасында Белград шаһарында өз перзентінен айырылып қалғанын айтып, суретін желіге жүктеді.
Аталған қайғылы оқиғаға байланысты СІМ өкілдері ақпарат берді.
«Сыртқы істер министрлігі Сербияда қайтыс болған азаматшамыздың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен үнемі байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Мәселе министрліктің бақылауында», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.