Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өзіне және Олжас Абайға қатысты сын айтқан психолог Шолпан Есмағанбетоваға Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұған дейін психолог Шолпан Есмағанбетова желіде видео жариялап, Олжас Абайдың лақап аты мен оның Дариға Бадықовамен қарым-қатынасына қатысты өз ойын білдірген болатын.
«Очау… Ачау… әлде Очау ма — түсінбедім. Жалпы, мұндай лақап ат не үшін керек? Бұл қай тілде? Ол жай ғана ішіп алып, әр жерде домалап жүрген. Сөйтті де Дариғаны жолықтырып ақыры бақыт құсын тапты. Екеуінде атақ та, ақша да бар. Үйленудің тіпті керегі жоқ еді», — деді Шолпан видеода.
Аталған видеодан соң үнсіз қалмаған Дариға Бадықова психологтың сөзін өзін төмендетіп, хайп жасау әрекеті деп бағалады. Қазір қалаларды аралап, жұмыс бабымен қол тимей жүргенін жеткізген актриса парақшасында келесідей пікір қалдырды:
«Сен кімсің? Қайдан шыққан бәлесің? Өз ана тілінде сөйлей алмайтын дүбәра. Менің жеке басыма тиісетін кімсің?».
Сонымен қатар актриса түсірілім жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл мәселеге арнайы оралатынын айтып, жобаның тұсаукесерін күтуге шақырды:
«Кино бітсін, ісім сенімен болсын. Оған дейін сіздер не дейсіздер? Біздің не істеп жатқанымызды, сенің не істеп жүргеніңді көремін. Киномыз шыққанда бәрі белгілі болады», — деп жазды ол.