Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады

Президент Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады

Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай жұмысының қазіргі нәтижелері және «Әділет» партиясының қызметі туралы баяндалды.

Айбек Дәдебай: 

Депутаттар 18 заң қабылдағанын және 38 заң жобасы қаралып жатқанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында және Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған міндеттерді заңнамалық тұрғыдан іске асыруға басымдық беріліп отыр. 

Жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау, педагогтер мен медицина қызметкерлерін қолдау және өзге де әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша заңнамалық бастамалар пысықталуда.

2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданды.

Депутаттардың бастамасымен өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 47 миллиард теңге қарастырылды. Қаражат жылу, электр, газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

Қабылданған заңдардың орындалуына парламенттік бақылауды күшейту шараларын да таныстырды. 

Атап айтқанда, заңдардың іс жүзінде қолданылу тиімділігі мен қабылданған шешімдердің нәтижесін бағалауға арналған заңнамалық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді. 

Сонымен қатар заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі және жасанды интеллект технологияларын енгізу жалғасып жатыр.

Құрылтайдың қоғамдық қабылдауы мен e-Otinish жүйесі арқылы халықпен кері байланысты нығайту перспективасы талқыланды. 

Азаматтар көтерген мәселелер заңнамалық бастамаларды әзірлеу кезінде ескеріледі. Сессия басталғалы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 111 депутаттық сауал жолданған.

Сарапшылармен, қоғамдық ұйымдармен, өңірлердегі және халықаралық серіктестермен байланыс нығайып келе жатқанын жеткізді. 

Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, ЮНИСЕФ-пен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатылды. 

Женевада өткен Парламентаралық одақ алаңында жасанды интеллектіге негізделген AI-Quryltai парламенттік платформасы таныстырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар