Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Айына кемінде бір рет отырыс өткізеді»: Президент бекіткен сараптама тобы немен айналысады?

«Айына кемінде бір рет отырыс өткізеді»: Президент бекіткен сараптама тобы немен айналысады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітіп, тиісті өкімге қол қойды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жаңадан құрылған бұл құрылым Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган мәртебесіне ие. Оның басты мақсаты — еліміздің ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен негізгі басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан жан-жақты пысықтау.

Ресми ақпаратқа сәйкес, сараптама тобының негізгі міндеттеріне концептуалды тәсілдерді айқындап, сараптамалық тұрғыда әзірлеу, сондай-ақ талдамалық, әлеуметтік және форсайт зерттеулердің нәтижелерін талқылау кіреді. Ал аталған органның жұмысын үйлестіру міндеті Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына жүктелген.

Бекітілген ереже бойынша, сараптама тобының отырыстары қажеттілікке қарай, бірақ айына кемінде бір мәрте өткізіліп тұрады. Талқылауларға топ мүшелерінен бөлек мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, сарапшылық қауымдастықтардың, бизнес орта мен азаматтық қоғамның өкілдері және өзге де білікті мамандар шақырылуы мүмкін.

Сараптама тобының құрамы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар