Гандболдан аруларымыз Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Alash.kz.
Бүгін араға 16 жыл салып, Алматы қаласында гандболдан әйелдер арасындағы сары құрлық додасын қайта қабылдады.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші ойында Аустралиямен жолығып, 37:18 есебімен ірі жеңіске жетті.
Аруларымыздың кезекті ойыны 24 қараша күні Үндістанға қарсы өтеді.
10 елдің қатысуымен өтіп жатқан Азия чемпионатында аруларымыз В тобында Оңтүстік Корея, Үндістан, Аустралия, Өзбекстанмен бір топта өнер көрсетеді.