Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Макрон маңызды мәлімдеме жасады". Франция Испаниямен шекаралас аймақтарына әскер жіберіп, ұшақтарын ұшырып жатыр

09:29, 01 тамыз 2026

Франция президенті Эммануэль Макрон Испаниямен шекара маңына әскери бөлімдер, ұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары орналастырылғанын мәлімдеді. Бұл шешім Испанияның Сеута анклавындағы миграциялық дағдарысқа байланысты қабылданған, деп жазды Alash.kz.

Макронның айтуынша, шекараға төрт жедел әрекет ету бөлімшесі, авиация және дрондар жұмылдырылған. Сондай-ақ ол Испания премьер-министрі Педро Санчеспен сөйлесіп, Мадридке қолдау білдіргенін және қажет болған жағдайда кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін жеткізген.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, соңғы күндері Мароккодан Испанияның Солтүстік Африкадағы Сеута анклавына 40 мыңнан 60 мыңға дейін заңсыз мигрант өткен. Соның салдарынан қаладағы инфрақұрылымға айтарлықтай салмақ түсіп, гуманитарлық жағдай күрделене түскен.

Мигранттар ағынының күшеюіне Испания Жоғарғы сотының Сеутаға теңіз арқылы жеткен адамдарды Мароккоға автоматты түрде кері қайтаруға тыйым салған шешімі себеп болғаны айтылып отыр.

Осы жағдайдан кейін Франция шекаралық бақылауды күшейтсе, Италия, Финляндия және Дания Испаниямен Шенген келісімінің қолданылуын уақытша тоқтату немесе елді уақытша Шенген аймағынан шығару мәселесін көтерген.

Бұған дейін халықаралық ақпарат құралдары мыңдаған марокколық мигранттың Сеутаға теңіз арқылы жетуге әрекет жасап, қала билігінің жағдайды тұрақтандыру үшін әскердің көмегіне жүгінгенін хабарлаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар