Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қаза болған қарулас бауырларымның отбасылары… Құран бағыштадым» – Бекет Қуандық (ВИДЕО)

«Қаза болған қарулас бауырларымның отбасылары… Құран бағыштадым» – Бекет Қуандық (ВИДЕО)

Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Бекет Қуандық Орал қаласына арнайы барып, қаза тапқан қарулас достарының отбасыларымен жүздесті, деп хабарлайды Alash.kz.

Әскери қызметші әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм бауырларының рухына Құран бағыштап, жақындарына көңіл айтқанын жазды. Ол қаза болған сарбаздардың ерлігі мен есімі ел есінде мәңгі сақталатынын жеткізіп, қайғылы жағдайға тура екі ай толғанын атап өтті:  

«Бүгін Орал қаласында қаза болған қарулас бауырларымның отбасыларына барып, рухтарына Құран бағыштап, жақындарымен жүздестім. Өздері арамызда болмаса да, олардың ерлігі мен есімі мәңгі жүрегімізде сақталады. Біз ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз! «Бүгін сендерсіз 2 ай уақыт өтіпті...» Батырлар өлмейді. Олардың ерлігі — кейінгі ұрпаққа өнеге», – деп жазды Бекет Қуандық.  

Сонымен қатар сарбаз қарулас достарының ата-анасы мен бауырларын өз туғанындай көретінін айтып, оқиға орын алған күннен бері жанынан табылған жақынына алғысын білдірді:

 «Каспий бізді екіге бөлгенімен, тағдыр мен бауырластықтың байланысын үзе алмады. «Достарымның анасы — менің де анам, әкесі — менің де әкем, бауырлары — менің де бауырларым». Осы оқиға болған кезден бастап қолынан келгенше қолдауын көрсетіп, әрдайым жанымнан табылған жиен ағама алғысым шексіз! Бар болыңыз, аға!» – деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар