Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Президент өкімімен»: Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

«Президент өкімімен»: Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Құқық қорғау жүйесі мен мемлекеттік аппараттағы кезекті кадрлық өзгеріс аясында ішкі істер министрінің орынбасарларының бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысының тиісті өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Игорь Лепеха ішкі істер органдарында көпжылдық тәжірибесі бар маман. Ол 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, ал 1993 жылы Ресей Федерациясы ІІМ академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1986–1997 жылдары Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасында қызмет етуден бастап, 1997–2009 жылдар аралығында Қарағанды облыстық ІІД-де басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Кейін ол министрліктің орталық аппаратындағы бірқатар жауапты қызметті атқарды:

Таңбалауыш 2009–2019 жылдары — ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы;

Таңбалауыш 2019–2020 жылдары — ҚР ІІМ Штаб-департаментінің бастығы;

Таңбалауыш 2020–2022 жылдары — ҚР ІІМ Аппарат басшысы;

Таңбалауыш 2022 жылғы қазаннан осы уақытқа дейін — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін I дәрежелі (2022) және II дәрежелі (2017) «Даңқ» ордендерімен, сондай-ақ «Ерлігі үшін» (2012) және «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2006) медальдарымен марапатталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар