Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)

«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)

Елімізде педагогтерге қолдау көрсетіп, құқықтық әрі әдістемелік көмек беретін 1472 бірыңғай жедел желісі жұмысын бастады, деп хабарлайды Alash.kz.

«Ұстаз» платформасы базасында ашылған жаңа байланыс орталығының іске қосылғанын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Бұл қызмет арқылы мұғалімдер жалақы есептеу, еңбек жағдайлары, сондай-ақ мектеп әкімшілігімен немесе ата-аналармен арада туындаған түрлі даулы жағдайларға қатысты кеңес алып, әдістемелік бағытта қолдау таба алады.

Министрдің түсіндіруінше, бұрын ұстаздар өз сауалдарына жауап алу үшін бірнеше мекемеге қатар жүгініп, мәселенің шешілуін айлап күтуге мәжбүр болатын. Енді барлық өтінішті бір ғана орталықтандырылған сервис арқылы жолдауға мүмкіндік туып отыр. Ең бастысы, хабарласқан азаматтардың деректері мен өтініштері толықтай құпия сақталады.

Қазіргі уақытта байланыс орталығы сынақ (пилоттық) режимінде қызмет көрсетуде. Соған қарамастан, еліміздің кез келген өңіріндегі педагогтер дәл қазір аталған нөмірге қоңырау шалып, өздерін толғандырған түйткілді мәселелерді жеткізе алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар