Қазақстанның Үкімет құрамында кезекті кадрлық өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды.
Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев — қазақстандық экономист және саясаткер, 2025 жылғы ақпаннан бергі Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды.
Аталған лауазымға кімнің тағайындалатыны әлі жария болған жоқ.