Алматы қаласы мен облыс аумағында бұған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Еріктілердің мәліметінше, марқұмдардың бірі — 1971 жылы туған Қалдыбай Сейсекұлы Берінбетов бір жылдан астам уақыт бойы іздестірілген. Ол 2025 жылдың 8 қарашасында таңғы сағат 10:00 шамасында Алматы қаласы Алатау ауданындағы Өскемен көшесі, 7-үйден шығып кетіп, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен болатын. Арада бір жылдан аса уақыт өткенде, биылғы 20 қарашада оның мәйіті табылды.
Ал екінші жағдай Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген. 1985 жылы туған Мұрат Кенжетайұлы Байтуов 17 қараша күні таңертең Есік қаласындағы «Ветеран-10» саяжай бірлестігі, Набережная көшесі, 77-үй мекенжайынан шығып, қайта оралмаған. Іздеу жұмыстары басталғаннан кейін төрт күн өткен соң, 21 қарашада оның да өлі денесі анықталды.
Қазіргі таңда екі дерек бойынша да тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, азаматтардың нақты өлім себебі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.