«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы лауазымына Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев келді. Бұған дейін ол Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылған болатын.
Ерсайын Нағаспаев — отандық экономист әрі саясаткер. Ол 2025 жылдың ақпан айынан бастап еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жетекшілік еткен еді. Енді ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы ретінде сала жұмысын үйлестіретін болады.