Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.  

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған. 

2007–2015 жылдары — «Алматы қаласы тарихы музейі»  КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры.

2015–2016 жылдары — «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры.

2016–2022 жылдары — «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары.

2022–2025 жылдары –  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары.

2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар