Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.
2007–2015 жылдары — «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры.
2015–2016 жылдары — «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры.
2016–2022 жылдары — «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары.
2022–2025 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.