Қазақстанда алаяқтыққа күдікті 14 Оңтүстік Корея азаматы ұсталды, деп жазды Alash.KZ.
23 шілде күні Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, ұсталған азаматтарға қатысты Корея Республикасының құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы алаяқтық жасаған деген күдікпен қылмыстық іс жүргізіп жатыр.
ҰҚК қызметкерлері олардың уақытша тұрған жерлерінде тінту жүргізіп, заңсыз әрекеттерде пайдаланылған компьютерлерді, ұялы телефондар мен ноутбуктерді тәркілеген.
Қазіргі уақытта ұсталғандар процестік іс-шараларды жүргізу және кейіннен елден депортациялау мәселесін қарау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.