Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бауырының ауыр дертке шалдыққанын айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Alash.kz.
Продюсер ағасының қасында түскен суретін жариялап, жантебірентерлік жазба қалдырды. Оның айтуынша, бауырының бауыры мен жүрегінде 90 пайыз тромб бар екені анықталған. Дәрігерлердің бұл диагнозынан соң екеуі де жанарларына жас алып, қатты уайымға салынған танымал тұлға қай дәрігерден ем табуға болатынын білмей, басы қатып отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова сырқаттанып жатқан жақынының ауруға мойымай, жағдайына шүкіршілік етіп жатқанын атап өтті.
