Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Байланыс нөмірін үш мәрте ауыстырғанымен, тауып алып отырды»: Нұрайдың ағасы сұмдық жайтты айтты

16:20, 31 шілде 2026

Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы сот залында айыпталушының бойжеткеннің соңына түсіп, оны үздіксіз аңдып жүргенін баяндап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот процесі барысында марқұмның туған бауыры Сұлтан Серікбай сөз алып, сотталушы Шерхан Аймаханның қарындасының ұялы телефон нөмірін алу үшін оның барша таныстары мен достарына жалынып, сұрап алғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар бауыры айыпталушының адам психологиясын жақсы меңгерген айлакерлік әрекеттерін атап өтті.

«Оның бойжеткендермен жазысқан хаттарын көрсеңіздер ғой. Әрбір хабарламасы барынша сыпайы жазылған. Қыздар оны Нұрайдың жанашыр досы деп ойлап, көмектескісі келген. Соның салдарынан қарындасым байланыс нөмірін үш мәрте ауыстырғанымен, ол әр жолы жаңа нөмірді тауып алып отырды. Оны дәл қалай жүзеге асырғанын білмеймін», – деді Сұлтан Серікбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар