Өзбекстанда отбасылық керіс кезінде келініне пышақ сұғып, оның қаза болуына алып келген ене тұтқындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Көрші елдің Бас прокуратурасы таратқан деректерге сүйенсек, кайғылы оқиға 5 мамыр күні таңертеңгі сағат 10:00 шамасында Ташкент ауданында орын алған. Өзара сөзге келіп қалған 1955 жылғы әйел 1985 жылы туған келінінің кеуде тұсына асүй пышағын сұғып алған.
Алған ауыр жарақатынан кейін үш баланың анасы тез арада емдеу мекемесіне жеткізілгенімен, дәрігерлердің ем-дом шаралары нәтиже бермей, ол 9 мамыр күн о дүниелік болды.
Аталған сұмдық жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің «Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» бабы бойынша іс қозғалып, күдікті әйелді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.