Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шариғат бойынша рұқсатың керек емес: Танымал блогер жаңа босанған әйеліне айтпай екінші рет әйел алған

11:50, 24 желтоқсан 2024 2089

Әлеуметтік желіде askar_kairgeldinov есімімен танымал кәсіпкер, сату маманы әрі блогер Асқар Қайыргелдиновтің басы дауға қалды, деп хабарлайды Alash.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап. 

«Бүгін бір жазбаны оқып қалдым: Қазақстанда бір блогер екінші рет үйленіпті, бірақ бұл туралы заңды жұбайына хабарламаған екен. Мұндай жағдайды бұрын-соңды естімеппін. Заңды жұбайы екінші баласына жүкті болып жүрген кезінде күйеуінің үйленгенін таныстарынан естіп білген. Қалай ойлайсыз, бұны қалай түсінуге болады? Әйелінің сұрақтарына ол исламда жұбайынан рұқсат сұраудың қажеті жоқ, деп жауап берген екен. Енді сол “ер азамат” алимент төлеуден жалтарып жүр», — деп жазды желі қолданушысы.

Алайда Асқардың өзі бұның барлығына жоққа шығарып, бірінші әйеліне үй қалдырғанын алға тартты.

Менің жасым 24-те және мен бірінші некеден туған баламның алдындағы жауапкершілікті толық сезінемін. Ай сайын шамамен жарты миллион теңге жіберемін, Астанадағы алғашқы 2 бөлмелі пәтерімді беріп, өзім біраз уақыт жалдамалы үйде тұрдым. Ұзақ уақыт бойы бұрынғы жұбайымның бірінші некесінен туған қызының еміне қаржылай көмектестім. Мен жұбайым Таншолпан мен дүниеге келген ұлымның алдындағы өз міндетімді толық білемін», — деді блогер.

Заңды некеде бола тұра бұрынғы күйеуінің үйленгенін білген Адиль Асқардың ешқандай пәтер қалдырмағанын айтады. Сөзінше, ол пәтерге қаржыны кезінде екеуі бірге жинаған әрі ол пайдалануға әлі берілмеген, яғни, толық салынып бітпеген. Сөзін растау үшін өзінің желідегі парақшасында үйдің барлық құжатын көрсетті. Сонымен қатар, күйеуі екінші рет үйленіп жатқанда сәбиі енді қырқынан шыққанын және ол кезде қағаз жүзінде ажыраспағанын ашып айтты.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар