Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шариғат бойынша жүретін мемлекет емеспіз”. Баян Мақсатқызы өзін сынаған имамды орнына қойды

11:10, 05 тамыз 2025 354

Продюсер Баян Алагөзова өзін сынап, Maxi шәйді ішпеңдер деп бойкот жариялаған имам Данияр Кенжеұлына қатты жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Тарихта алғаш рет! Имам араққа емес, шайға қарсы. Имам заң мен Конституцияға ренжіп қалды. Өйткені мен біздің елдің шариғат бойынша жүретін мемлекет емес екенін есіне салдым”, - деді Баян Мақсатқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Алагөзованың “Қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деген пікіріне имам Данияр Кенжеұлы қарсы пікір білдіріп, продюсердің күйеуі Тұрсен Алагөзовке тиесілі Maxi шайға бойкот жариялаған болатын.

“Бұл — жай ғана қателік емес, тұтас ұлттың рухани тарихына жасалған ауыр соққы. Қазақ – ежелден мұсылман халық. Тарихты жоққа шығару — рухты қорлау. Егер жүрегінде иман болса, мұндай сөздерге қарсы үн қата біл. Maxi шайды ішпеуге шақырамын”, – деді имам.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар