Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сен бомжсың». Атырауда блогер қысымынан кейін қаза тапқаны айтылған күзетшінің өліміне қатысты іс қозғалды

10:51, 22 қыркүйек 2024 716

Атырау қаласында блогерлердің қысымынан кейін бақилық болды деп айтылған күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш іске қатысты тергеу бұзақылық бабы бойынша жүріп жатыр,   Alash.kz ұлттық порталы. 

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, марқұмның туыстарының тарапынан құзырлы органдарға арыз-шағым түспеген. Қоғамдық резонанс тудырған жағдайға байланысты полиция істі жылы жауып қоя алмағаны айтылады. 

Айта кетейік, Атыраудағы Мемлекеттік сараптама орталығына бір топ блогер келген. Мекемеге кіргізбей, құжатын сұраған 56 жастағы күзетшіге бағынбай, қарсылық көрсеткен. Әуесқой түсірілімде жасы үлкен кісіге өзін блогер дейтін ер адам мен әйелдің дауыс көтеріп, ар-намысына тиетін сөздер айтып жатқаны естіледі. Сол кезде күзетшінің денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем шақырған. Бірнеше аптадан кейін күзетші қайтыс болыпты. 

“Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды,” - дейді  
Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет. 

Еске сала кетейік, Атыраудағы «Мемлекеттік сараптама орталығының» күзетшісі Хәкім Иманиязов 56 жасында басына қан шауып көз жұмды. Бұл оқиғаны әлеуметтік желідегі парақшасына жазған адвокат Айнұр Балакешованың ақпаратына сүйенсек, сол күні ғимаратқа келіп, күзетшіні видеоға түсірген блогерлердің ауыр сөздерінен кейін Хәкім Иманиязовтың қысымы артып, денсаулығы нашарлаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар