Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен стендап-шоу барысында блогер көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Абай облыстық ПД мәліметіне қарағанда, Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен стендап-шоу барысында блогер көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданған.
Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып, қоғам наразылығын тудырды.
Полиция қызметкерлері жарияланған видеоматериалды зерделеп, аталған азаматты 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды.