Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытайлықтарды таңқалдырып қана қоймай, қазақ тілін үйреткен Димаш тағы бір жүлдені жеңіп алды

19:10, 27 тамыз 2024 348

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық телеарналарда өнер көрсетіп, тағы таңқалдырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Шоуда Димаш қытайлық әнші Хуан Сяоюнмен бірге "Red Moon Rules" әнін орындаса, тағы бір қытайлық танымал әнші Гон Линнамен бірге "Become a Poet" әнін шырқады.

Димаш тек ән айтып ғана қойған жоқ, бағдарлама кезінде қытайлық әншілерге қазақ тілін үйретті. Ал, қытайлық әншілер Димашқа қытайша ән айтуына көмектескен.

Бағдарлама соңында, Димаштың орындауындағы "Become a Poet" әні алтыншы маусым алтыншы кезеңінің "Алтын әуені" сыйлығын жеңіп алды.

"Біздің ән" музыкалық телешоуының алтыншы маусымы 21 шілдеде көгілдір экраннан көрсетіле бастады. Бұл шоу қытайда көрілімі ең жоғары бағдарламалар қатарына жатады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?