Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қорқақ бала сияқтысың": Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады (ФОТО)

14:30, 15 қазан 2025 143

Әнші Димаш Құдайберген қоғамда қызу талқыланған тіл мәселесіне қатысты өз пікірін білдіріп, қазақ тілін менсінбеген сарапшы Олжас Байділдиновті сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі Instagram желісіндегі сторисінде:

"Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет ең алдымен өзіңнен басталуы тиіс. Өз тілінен ұялып, өзгенің мақұлдауын іздеу – тамырыңнан айырылу деген сөз", – деп жазды.

Димаш осы жазбасында Байділдиновке арнап өткір пікір айтты:

"Олжас, сен секілді арандатушыларды жұмыстан шығарады деп үміттенемін. Сен қорқақ бала сияқтысың. Сен қазақша түсінбейтін болғандықтан, бұл сөзімді қазақ тілінде жазбадым", – деді ол.

Димаштың мәлімдемесі әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Бұған дейін сарапшы Олжас Байділдинов Астана мен Алматыда қоғамдық көліктегі жолақы бағасын 500 теңгеге дейін көтеру керек деген пікір айтқан еді. Ол қазіргі субсидиялау жүйесін тиімсіз және жемқорлыққа бейім деп бағалап, бағаны еркін нарыққа жіберу мен жолақыны қашықтыққа қарай есептеу қажет екенін ұсынған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар